|
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімі «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК
КГКП «Ясли - сад «Ақбота» отдел образования города Сатпаев управления образования Ұлытау области
|
|
|---|
Консультациялық пункт
|
5
Желтоқсан
2025
|
|
5
Желтоқсан
2025
|
Музыка жетекшісі А.Б.Бекешова ата-аналармен «Музыка әлеміне» атты викториналық ойын өткізді. Шара шаттық шеңберімен басталып, «Қай аспаптың үні?», «Қандай музыкалық жанр?» және «Әнді жалғастыр» бөлімдері бойынша қызықты тапсырмалар орындалды. Қатысушы балалармен музыкалық ойындар өтілді. Ойын ата-аналардың музыкалық білімін нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
|
5
Желтоқсан
2025
|
Мектепке дейінгі ұйымда «3–6 жас аралығындағы баланың дамуын қалай қолдаймыз?» тақырыбында консультациялық пункттің кезекті отырысы өтті. Отырысқа тәрбиешілер, психолог және ата-аналар қатысты.
Кеңес барысында ата-аналарға 3–6 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктері туралы мәлімет берілді. Баланың физикалық, тілдік, эмоционалдық және әлеуметтік дамуын қолдау жолдары талқыланды. Ата-аналарға үй жағдайында баламен бірге ойнау, сөйлесу, кітап оқу, ұсақ моториканы дамыту жаттығулары мен күн тәртібін сақтау жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, баланың өз бетімен әрекет етуіне мүмкіндік берудің, жылы қарым-қатынас пен қолдаудың маңызы атап өтілді. Кеңес соңында ата-аналар сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.
Омарбекова Г.К.- тәрбиеші
|
18
Қараша
2025
|
|
20
Қазан
2025
|
Мектепке дейінгі ұйымда «Бала тілінің дамуына әсер ететін факторлар» тақырыбында консультациялық пункттің кезекті отырысы өтті. Отырысқа тәрбиешілер, психолог және ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында бала тілінің дамуына тікелей және жанама әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар қарастырылды. Атап айтқанда, отбасындағы қарым-қатынас, баланың жас ерекшелігі, тілдік орта, эмоционалдық ахуал, әлеуметтік байланыс пен ата-ананың сөйлеу мәдениеті сияқты мәселелер сөз болды. Тәрбиеші: Жанедилова Р.М.


