Музыка жетекшісі А.Б.Бекешова ата-аналармен «Музыка әлеміне» атты викториналық ойын өткізді. Шара шаттық шеңберімен басталып, «Қай аспаптың үні?», «Қандай музыкалық жанр?» және «Әнді жалғастыр» бөлімдері бойынша қызықты тапсырмалар орындалды. Қатысушы балалармен музыкалық ойындар өтілді. Ойын ата-аналардың музыкалық білімін нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.




